Ораз Ахун (Оразмұхаммед) Бекетайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:10, 2012 ж. қаңтардың 8 кезіндегі Sibom (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ораз Ахун (Оразмұхаммед) Бекетайұлы (1836, Қазалы уезі, Аққыр болысы –1894, қазіргі Сыр өңірі) – діни қайраткер. Әуелі ауыл молдасында сауат ашып, кейін Бұқарадағы Көкілташ медресесінде оқып, діни білім алған. Құран Кәрімді толық меңгеріп, осы медреседе көшірмеші, аудармашы болды. «Төрекей» атты екі томдық кітап жазған (хижра жыл санауы бойынша 1276 – 77 (1856 – 58)). Ораз Ахун шамамен 1860 – 61 жылдары өз ауылында молда болды. Қалдан батыр «Сарықұмнан» мешіт салдырып, оған Ораз Ахунды имам еткен. Ораз Ахунды ұстаз тұтады. Сыр сүлейлері ахунды жырға қосқан. 1912 – 13 жылдары қазіргі Тұрмағанбет ауылы мен Ақжар ауылының ортасында Ораз Ахун басына қос үйтам тұрғызылған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала