Ораз Ахун (Оразмұхаммед) Бекетайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ораз Ахун (Оразмұхаммед) Бекетайұлы (1836, Қазалы уезі, Аққыр болысы –1894, қазіргі Сыр өңірі) – діни қайраткер. Әуелі ауыл молдасында сауат ашып, кейін Бұқарадағы Көкілташ медресесінде оқып, діни білім алған. Құран Кәрімді толық меңгеріп, осы медреседе көшірмеші, аудармашы болды. «Төрекей» атты екі томдық кітап жазған (хижра жыл санауы бойынша 1276 – 77 (1856 – 58)). Ораз Ахун шамамен 1860 – 61 жылдары өз ауылында молда болды. Қалдан батыр «Сарықұмнан» мешіт салдырып, оған Ораз Ахунды имам еткен. Ораз Ахунды ұстаз тұтады. Сыр сүлейлері ахунды жырға қосқан. 1912 – 13 жылдары қазіргі Тұрмағанбет ауылы мен Ақжар ауылының ортасында Ораз Ахун басына қос үйтам тұрғызылған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ораз Ахун (Оразмұхаммед) Бекетайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}