Әбдіғаппар Кенжебаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
04:15, 2011 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әбдіғаппар Кенжебаев (1937 ж. т., Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. Орта Азия политехникалық интитутын бітірген (1965). 1966 – 1989 жылдары Өзбекстандағы Алмалық кен-металлургия комбинатының Құрғашын кенішін экскаватор машинисінің көмекшісі, кен қазу шебері, Орта Азия ғылыми-зерттеу және түсті металлургия жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, топ жетекшісі болды. 1989 жылы Қазақ политехникалық институтына шақырылды. Негізгі ғылыми бағыты: ғылыми даму негізінде жер асты байлықтарын ұтымды пайдалану, ашық пайдалы қазба кен орындарын өңдеуге арналған. Ғылыми зерттеушілік және жобалық жұмыстары Ақбақай (Қазақстан), Хайдарсқан (Қырғызстан), Алмалық (Өзбекстан), Тырнауз (Ресей) кен-металлургия комбинаттарының карьерлерінде енгізілген. 57 ғылыми жұмысы жарыққа шыққан. Авторлық куәліктері бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала