Әбдіғаппар Кенжебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдіғаппар Кенжебаев (1937 ж. т., Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. Орта Азия политехникалық интитутын бітірген (1965). 1966 – 1989 жылдары Өзбекстандағы Алмалық кен-металлургия комбинатының Құрғашын кенішін экскаватор машинисінің көмекшісі, кен қазу шебері, Орта Азия ғылыми-зерттеу және түсті металлургия жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, топ жетекшісі болды. 1989 жылы Қазақ политехникалық институтына шақырылды. Негізгі ғылыми бағыты: ғылыми даму негізінде жер асты байлықтарын ұтымды пайдалану, ашық пайдалы қазба кен орындарын өңдеуге арналған. Ғылыми зерттеушілік және жобалық жұмыстары Ақбақай (Қазақстан), Хайдарсқан (Қырғызстан), Алмалық (Өзбекстан), Тырнауз (Ресей) кен-металлургия комбинаттарының карьерлерінде енгізілген. 57 ғылыми жұмысы жарыққа шыққан. Авторлық куәліктері бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбдіғаппар Кенжебаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}