Төлепбек Әбдіұлы Назарбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:25, 2015 ж. қыркүйектің 7 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Төлепбек Әбдіұлы Назарбеков (17.5.1927, Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы – 23.5.2004) – еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы (2002). Еңбек жолын ауылдық Кеңестің хатшысы болып бастаған. 1959-65 жылдары облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, аумақтық ұжымшар-кеңшар басқармасының бастығы, 1965–75 жылдары Созақ және Бөген ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, облыстық партия комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1976–87 жылдары облыстық орман шаруашылығы және орманды қорғау басқармасының бастығы болды. 1992 жылы Халықаралық Д.А. Қонаев атындағы қордың облыстық филиалының президенті болып сайланды. Бүкілодақтық дәрежедегі дербес зейнеткер. Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, 7 медальмен марапатталған. Шымкент қаласының, Түркістан, Ордабасы, Созақ аудандарының құрметті азаматы. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify