Төлепбек Әбдіұлы Назарбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлепбек Әбдіұлы Назарбеков (17.5.1927, Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы – 23.5.2004) – еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы (2002). Еңбек жолын ауылдық Кеңестің хатшысы болып бастаған. 1959-65 жылдары облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, аумақтық ұжымшар-кеңшар басқармасының бастығы, 1965–75 жылдары Созақ және Бөген ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, облыстық партия комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1976–87 жылдары облыстық орман шаруашылығы және орманды қорғау басқармасының бастығы болды. 1992 жылы Халықаралық Д.А. Қонаев атындағы қордың облыстық филиалының президенті болып сайланды. Бүкілодақтық дәрежедегі дербес зейнеткер. Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, 7 медальмен марапатталған. Шымкент қаласының, Түркістан, Ордабасы, Созақ аудандарының құрметті азаматы. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлепбек Әбдіұлы Назарбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}