Білік
Білік — адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Білік — машина мен механизмдердің айналдыру моментін жеткізуге және онымен бірге айналатын бөлшектердің айналысын сүйемелдеуге арналған машинанің бөлшегі <ref name="source1"/>
Білік - өзі айналып тұратын (әдетте ішпекке кигізіліп), сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref>
Білік- подшипникке кигізіліп өзі айналып тұратын, сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.
Мазмұны
- 1 Тәуелді қуат алу білігі
- 2 Тәуелсіз қуат алу білігі
- 3 Толық тіреуішті емес иінді білік
- 4 Қуат алу білігі
- 5 Толық тіреуішті иінді білік
- 6 Аралық, арадағы білік
- 7 Өтпелі білік
- 8 Босаңдататын жұдырықшаның білігі
- 9 Үлестіруші білік
- 10 Рулдік доңгелектің білігі
- 11 Үйлесімді қуат алу білігі
- 12 Иіннің білігі
- 13 Спидометрдің білігі
- 14 Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі
- 15 Эксцентрикті білік
- 16 Дереккөздер
- 17 Дереккөздер
Тәуелді қуат алу білігі
Тәуелді қуат алу білігі - күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде ағытылатын және беріліс қорабының жетекші білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын қуат алу білігі.<ref name="ReferenceA">Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>
Тәуелсіз қуат алу білігі
Тәуелсіз қуат алу білігі -күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде сөндірілмейтін және қозғауыштың білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын куат алу білігі.
Толық тіреуішті емес иінді білік
Толық тіреуішті емес иінді білік- кейбір және көршілес түпкі мойындары арасында екі шатунды мойындар орналастырылған иінді білік.
Қуат алу білігі
Қуат алу білігі – қозғауыштың айналдырушы иінді күшінің бір бөлігін қосалқы құрал-жабдықтың немесе агрегатталатын машиналардың жетектеріне таратып беретін білік.
Толық тіреуішті иінді білік
Толық тіреуішті иінді білік- кез келген екі көршілес түпкі мойындары арасында тек қана бір шатунды мойын орналастырылған иінді білік.
Аралық, арадағы білік
Аралық, арадағы білік- беріліс қорабының жетекші білігінен, жетектегі білігінен айналдырушы иінді күшті беретін білігі.
Өтпелі білік
Өтпелі білік - тікелей агрегат арқылы өтіп (мысалы, орталық белдіктің негізгі (бас) берілісі арқылы), айналдырушы иінді күштің бір білігін басқа агрегатқа таратып беретін (мысалы: артқы белдіктің негізгі (бас) берілісіне) білік.
Босаңдататын жұдырықшаның білігі
Босаңдататын жұдырықшаның білігі – айналдырушы иінді күшті пневматиқалық қамерадан босаңдататын жұдырықшаға тартып беретін тежеуіш механизмнің білігі.
Үлестіруші білік
Үлестіруші білік – айналып тұрған кезде жұдырықшалар арқылы операциялардың берілген тәртіппен орындалуын қамтамасыз ететін үлестіргіш механизмнің білігі (мысалы, қозғауыштың шығарушы және кіруші қақпақшаларының ашылуы).
Рулдік доңгелектің білігі
Рулдік доңгелектің білігі- рулдік доңғалақты рулдік механизмнің жетекші білігімен қосатын білік.
Үйлесімді қуат алу білігі
Үйлесімді қуат алу білігі - беріліс қорабының жетектегі білігімен тікелей немесе куат алу қорабы арқылы қосылған қаб.
Иіннің білігі
Иіннің білігі - сыртқы ұшында иін бекітілген рулдік механизмнің жетектегі білігі.
Спидометрдің білігі
Спидометрдің білігі- айналуды бөліп таратқыш қораптың немесе беріліс қорабының жетектегі білігінен спидометрге таратып беретін, корғаныш сырт қабақшадағы иілгіш білік.
Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі
Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі - көліктік құрал токтап тұрған кезде ғана ағытылатын және қосылатын тәуелсіз қуат алу білігі.
Эксцентрикті білік
Эксцентрикті білік - түрі эксцентрик сиякты жұдырықшапары бар білік.
<ref name="ReferenceA"/>
Дереккөздер
<references/>
Дереккөздер
<references/>