Білік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Білік — адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Білік — машина мен механизмдердің айналдыру моментін жеткізуге және онымен бірге айналатын бөлшектердің айналысын сүйемелдеуге арналған машинанің бөлшегі <ref name="source1"/>

Білік - өзі айналып тұратын (әдетте ішпекке кигізіліп), сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар  : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref>

Білік- подшипникке кигізіліп өзі айналып тұратын, сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.

Тәуелді қуат алу білігі

Тәуелді қуат алу білігі - күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде ағытылатын және беріліс қорабының жетекші білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын қуат алу білігі.<ref name="ReferenceA">Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>

Тәуелсіз қуат алу білігі

Тәуелсіз қуат алу білігі -күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде сөндірілмейтін және қозғауыштың білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын куат алу білігі.

Толық тіреуішті емес иінді білік

Толық тіреуішті емес иінді білік- кейбір және көршілес түпкі мойындары арасында екі шатунды мойындар орналастырылған иінді білік.

Қуат алу білігі

Қуат алу білігі – қозғауыштың айналдырушы иінді күшінің бір бөлігін қосалқы құрал-жабдықтың немесе агрегатталатын машиналардың жетектеріне таратып беретін білік.

Толық тіреуішті иінді білік

Толық тіреуішті иінді білік- кез келген екі көршілес түпкі мойындары арасында тек қана бір шатунды мойын орналастырылған иінді білік.

Аралық, арадағы білік

Аралық, арадағы білік- беріліс қорабының жетекші білігінен, жетектегі білігінен айналдырушы иінді күшті беретін білігі.

Өтпелі білік

Өтпелі білік - тікелей агрегат арқылы өтіп (мысалы, орталық белдіктің негізгі (бас) берілісі арқылы), айналдырушы иінді күштің бір білігін басқа агрегатқа таратып беретін (мысалы: артқы белдіктің негізгі (бас) берілісіне) білік.

Босаңдататын жұдырықшаның білігі

Босаңдататын жұдырықшаның білігі – айналдырушы иінді күшті пневматиқалық қамерадан босаңдататын жұдырықшаға тартып беретін тежеуіш механизмнің білігі.

Үлестіруші білік

Үлестіруші білік – айналып тұрған кезде жұдырықшалар арқылы операциялардың берілген тәртіппен орындалуын қамтамасыз ететін үлестіргіш механизмнің білігі (мысалы, қозғауыштың шығарушы және кіруші қақпақшаларының ашылуы).

Рулдік доңгелектің білігі

Рулдік доңгелектің білігі- рулдік доңғалақты рулдік механизмнің жетекші білігімен қосатын білік.

Үйлесімді қуат алу білігі

Үйлесімді қуат алу білігі - беріліс қорабының жетектегі білігімен тікелей немесе куат алу қорабы арқылы қосылған қаб.

Иіннің білігі

Иіннің білігі - сыртқы ұшында иін бекітілген рулдік механизмнің жетектегі білігі.

Спидометрдің білігі

Спидометрдің білігі- айналуды бөліп таратқыш қораптың немесе беріліс қорабының жетектегі білігінен спидометрге таратып беретін, корғаныш сырт қабақшадағы иілгіш білік.

Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі

Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі - көліктік құрал токтап тұрған кезде ғана ағытылатын және қосылатын тәуелсіз қуат алу білігі.

Эксцентрикті білік

Эксцентрикті білік - түрі эксцентрик сиякты жұдырықшапары бар білік.

<ref name="ReferenceA"/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Белес


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Білік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}