Жүрекет жасушалары
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жүрекет жасушалары (Үлгі:Lang-el mys - бұлшықет, kytos - жасуша; kardia — жүрек) — жүректің бұлшықет қабығын (миокардты) құрайтын жасушалар. Кардиомиоциттің пішіні ұзын цилиндр тәрізді. Жасушаның сопақ ядросы цитоплазманың ортасында, ал жиырылғыш протеиндік жіпшелері цитоплазманың шеткі ұзынынан орналасады.
Жүрекет жасушалары — еріксіз жиырылатын көлденең жолақты жасушалар. Зақымдалған кардиомиоциттер қалпына келмейді. Жүрекет жасушалары қызметіне байланысты жұмысшы (жиырылғыш) және өткізгіш болып екі топқа бөлінеді. Олар бір-бірінен мөлшері мен миофибриллалар санына және боялу сипатына байланысты ажыратылады. Жүрекет жасушалары өздерінің ұштарымен бір-бірімен тізбектеле тығыз байланысып, қаңқа бұлшықет талшықтарына үқсас "миоталшықтар" түзеді. Көршілес кардиомиоциттердің саусақ тәрізді өсінділі ұштарының бір-бірімен өзара тығыз байланысқан шекарасын аралық дискі деп атайды. Кардиомиоталшықтар аралығында қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүрекет жасушалары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}