Гейдельберг адамы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
03:51, 2015 ж. наурыздың 25 кезіндегі Dexbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Homo heidelbergensis (10233446).jpg
Гейдельберг адамының реконструкциясы

Гейдельберг адамы, Homo Heіdelbergensіs — қазбадан табылған адам сүйектері. Оның төменгі жақ сүйегін 1907 ж. Гейдельберг (Германия) қаласының маңынан, Эльсенц өз-нің аңғарынан неміс антропологы О. Шетензак тапқан. Ерте плейстоценмен (б.з.б. 400 мың жылдар шамасында) кезеңіне жатқызылады. 24 м тереңдіктен сүйектің қасынан этрусс мүйізтұмсығының, ежелгі пілдің, жылқының, бизонның, арыстанның, т.б. хайуанаттардың сүйек қалдықтары шыққан. Осы жерден шақпақ тастан жасалынған тас құралдары да табылған. Гейдельберг адамы а-ның төменгі жақ сүйегінің морфол. құрылысы адам тектес маймылдарға ұқсас және осы күнгі адамның жақ сүйегіне де жақын (әсіресе, азу, күрек тістері). Көптеген зерттеушілер Гейдельберг адамы а-н питекантроп пен синантропқа жақындастырады.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub