Гейдельберг адамы
Гейдельберг адамы, Homo Heіdelbergensіs — қазбадан табылған адам сүйектері. Оның төменгі жақ сүйегін 1907 ж. Гейдельберг (Германия) қаласының маңынан, Эльсенц өз-нің аңғарынан неміс антропологы О. Шетензак тапқан. Ерте плейстоценмен (б.з.б. 400 мың жылдар шамасында) кезеңіне жатқызылады. 24 м тереңдіктен сүйектің қасынан этрусс мүйізтұмсығының, ежелгі пілдің, жылқының, бизонның, арыстанның, т.б. хайуанаттардың сүйек қалдықтары шыққан. Осы жерден шақпақ тастан жасалынған тас құралдары да табылған. Гейдельберг адамы а-ның төменгі жақ сүйегінің морфол. құрылысы адам тектес маймылдарға ұқсас және осы күнгі адамның жақ сүйегіне де жақын (әсіресе, азу, күрек тістері). Көптеген зерттеушілер Гейдельберг адамы а-н питекантроп пен синантропқа жақындастырады.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том