Ас-Сирр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:02, 2014 ж. мамырдың 5 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
ас-Сирр - құпия, жасырын деген мағыналарды білдіреді. Сопылықта:
- Хақтан басқасы білмейтін;
- Хақпен құл арасындағы құпия;
- сырдың сырына да құпия;
- рух сияқты адамның тәніне орналастырылған нәзік нәрсе; сыр рухтың рухы, әулиелерден басқасы сезіне алмайтын сопылық сезім-танымдар.
ас-Сирр көңілдегі нәзік перде. ас-Сирр болмаса жан ешнәрсеге қабілетсіз болады. Сопылықта тариқат сырын бөгделерге ашуға болмайды. Өйткені, басқа біреу сопылық дәстүрге бойлай алмағандықтан қате түсінікте болуы ықтимал.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
<references/>