Шхер
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:22, 2014 ж. желтоқсанның 28 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету
Шхер (швед. skдr, норв. ckjaer – шағын арал, су асты жартастары) – теңіз және көл жағалауларына жақын шоғырланған жартасты, шағын аралдар тобы. Олардың кейбірі су астында, теңіз деңгейінен төмен жатыр. Мұндай аралдар ежелгі мұздануға ұшыраған аудандарда – Скандинавия түбегі, Финляндия, Ұлыбритания (Шотландия), Гренландия, Исландия аралдары, Канада, Ресейдің Выборг шығанағы, Онега және Ладога көлдері жағалауларында кездеседі. Шхерлік жағалаулар кристалдық жыныстардың мұздықтар әсерінен өңделуге ұшырауынан пайда болған.