Онега

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Онега (ежелгі орыс тілінде – Онего) – Ресейдің солтүстік-батысында, Карелияда, Ленинград және Вологда облыстары жерінде орналасқан тұщы көл.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім</ref>

Аумағы

Ауданы (аралдарсыз) 9690 км², тереңдігі 127 метр Қазаншұңқыры мұздық-тектоникиалық жолмен пайда болған.

Географиясы

Төрттік мұз басудан көл айдыны көп өзгеріске ұшыраған. Солтүстік және солтүстік-батыс жағалауы жартасты, ірі шығанақты кірмелермен тілімденген. Оңтүстік бөлігі аласа, тілімденбеген. Онега көлінде аралдар көп (жалпы ауданы 250 км²). Көлге Шуя, Вытегра, Водла, Суна, т.б. өзендер құйып, Свирь өзені ағып шығады. Қараша-мамыр айларында қатады. Су ағынын Жоғарғы Свирь СЭС-і реттеп тұрады. Балыққа бай. Кеме жүзеді. Беломор-Балтық каналы арқылы Балтық, Ақ теңіздерінің алабымен, Волга-Балтық каналымен Волга өзенінің алабымен жалғасқан. Жағалауында Петрозаводск, Кандопога, Медвежьегорск, Повенец, т.б. қалалар бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Онега|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}