Кеңқияқ мұнай кен орны
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кеңқияқ мұнай кен орны - Ақтөбе облысы Темір ауданында, Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде орналасқан. Кен орны 1959 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Кеңқияқ мұнай кені құрылымдық жағынан тұз күмбезімен байланысты. Тұз үстіндегі қимада белгілі болған 9 мұнайлы қабат юра, триас және пермь кезеңі жыныстарында орналасқан. 1971 жылы тұз астындағы төменгі пермь кезеңі шөгінділерінде тағы 5 өнімді қабат, ал 1979 жылы ортаңғы карбон кезеңінің карбонатты қабаттарында үлкен мұнай шоғыры анықталған. Өнімді мұнай қабаттары 160 м-ден 4300 м-ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Қима құмтас, алевролит, гравелит, саз және аргиллиттерден құралған.
Тығыздығы, құрамы
Мұнайдың тығыздығы 0,876-0,909 г/см3, құрамындағы күкірттің мөлшері 0,43-0,81%, парафині 0,37 -2,97%, шайыры 6,2-11,4%. Кен орнында барлау жұмыстары аяқталған.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>