Сарыбасқурай
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Сарыбасқурай (Үлгі:Lang-la) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.
Мазмұны
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 20 — 100 см.
- Сабағы тік.
- Жапырақтары қауырсын салалы, шеті иректелген, сырты түкті.
- Гүлдері сары түсті, ұсақ шашақ гүлшоғырына топталған.
- Маусым — шілде айларында гүлдеп, жеміс салады.
- Жемісі — бұршаққын.
Өсетін жері
Қазақстанда шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің маңында, егістіктерде өседі.
Түрлері
Сарыбасқурайдың бірнеше түрі бар:
- Дәрілік сарыбасқурай (Sіsymbrіum offіcіnale) - Алтайда, Іле Алатауында жиі кездеседі.
- Лезелиев сарыбасқурайы (Sisymbrium loeselii), өзгергіш Сарыбасқурай, биік Сарыбасқурай) — жақсы мал азықтық шөптер, олардан сүрлем дайындалады. Кейбір түрлері улы.
- Шалатікенді сарыбасқурай (Sіsymbrіum subspіnescens) — эндемик түр деп саналады.
Сарыбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%-ға дейін май болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Емдік қасиеті және қолданысы
Дәрі жасау үшін сарыбасқурайдың жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде пайдаланады. Негізінен оны жас күйінде пайдаланған дұрыс, кептірілген өсімдіктің дәрілік қасиеті кемиді. Құрамында эфир майлары, С дәрумені бар. Дәрілік сарыбасқурайды көбінесе құрқұлақ ауруына қарсы және несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қоладанады. Дизентерияны емдеу үшін және іріңді жараларға да пайдаланылады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>