Вьекес
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:57, 2016 ж. наурыздың 3 кезіндегі Абдухамитова Асем (Талқылауы) істеген түзету
Вьекес (исп. Isla de Vieques) — Пуэрто-Рикодағы ауданы бойынша екінші (135 км²) орындағы арал.
Мазмұны
Географиясы
Сурет:Vieques Barrios.jpg
Вьекес аралының топографиялық картасы
Пуэрто-Рико басты аралынан 13 км шығысқа қарай орналасқан, геологиялық тұрғыдан Виргин аралдарына қарасты (т. ғ. к. Испан Виргин аралдары — Кулебра және көптеген ұсақ аралдар).
Климаты — тропикалық, орташа айлық температурасы 28-31 °С. Жылына 1100-1400 мм мөлшерде жауын-шашын жауады.
Халқы
Халық саны — 9301 адам (2010), негізінен екі қалашықта — Исабел-Сегунда және Эсперанса.
Экономикасы
Экономикасының негізі — туризм және ауыл шаруашылығы (тропикалық жемістерді өсіру).
Елеулі тумалары мен тұрғындары
- Луис, Хуан Франко (1940—2011) — Американдық Виргин аралдарының губернаторы (1978—1987)
Галерея
- Sub-tropical dry forest vieques.jpg
- Vieques SunBayBeach.jpg
- Navy vehicles in Vieques beach.JPEG
- Vieques Ceiba.jpg