Қосаман
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қосаман — Қызылорда облысының Арал ауданындағы ауыл, Қосаман ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 89 шақырым жерде.
Халқы
Тұрғыны 379 адам (2009). Қосаманда орта мектеп, фельдшерлік бекет үйі, кітапхана, клуб тұрғындарға қызмет жасап келеді. Сондай-ақ, Құланды ЖШС-нің №1 фермасы осы Қосаманда орналасқан. Жақын теміржол бекеті – Сексеуілден 60 шақырым жерде.