Сексеуіл (ауыл)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сексеуіл — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл (бұрын кент болған), Сексеуіл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км жерде, Алтыншоқысу тауларының оңтүстік баурайында, қуаң шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
Тұрғыны:
Тарихы
Іргесі Орынбор — Ташкент темір жол магистралін (20 ғасырдың бас кезі) салуға байланысты қаланған. Кентте темір жол стансасының локомотив депосы, “Құланды” асыл тұқымды жылқы зауытының орталығы орналасқан. Соңғы халық санағы бойынша Сексеуіл кентіндегі халық саны 16 мың болды. Бұл Сексеуіл кентінде демографияның өсіп келе жатқанын көрсетеді.