Сағыз (ауыл)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Сағыз — Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы, темір жол стансасы. Аудан орталығы — Миялы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде, Сағыз өзенінің жағалауында орналасқан.
Мазмұны
Тарихы
Іргесі 1939 ж. Атырау — Қандыағаш темір жолын салуға байланысты қаланған. 1951 — 96 ж. Ленин атындағы қаракөл қойын өсіретін ұжымшардың орталығы болды.
Инфрақұрылымы
Ұжымшар негізінде ЖШС, темір жолға қатысты кәсіпорындар мен мекемелер, байланыс бөлімшесі, т.б. тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді. Сағыз арқылы Атырау — Орск темір жолы және Атырау — Қандыағаш автомобиль жолы өтеді.
Халқы
Ауылдағы халық саны 2004 жылы 6,3 мың адамды құраса<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>, 2009 жылғы санақ бойынша 6530 адамды құрайды<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қызылқоға ауданы елді мекендері