Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова - (15.06.1965, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР мемлекеттік хатшысы (2014 жылдың 11 қарашасынан бастап).
Өмірбаяны
- 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы. Э.ғ.к. (2005).
- 1987-90 жылдары - Қызылорда облысы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы.
- 1990-94 жылдары - Қызылорда облысы әлеуметтік қорғау басармасының бөлім бастығы.
- 1994-95 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің кеңесшісі.
- 1995-99 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
- 1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары, департамент директоры.
- 2003-05 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
- 2005 жылдан - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы» АҚ Басқарма төрайымы.
- 2009 жылғы 4 наурыздан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
- 2013 жылғы 28 қарашадан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары
- 2014 жылғы 11 қарашадан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.
«Астана» (1999), «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазастан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. 15-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Заңдылық, әділдік, талапшылды».
Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Кәсіпойлық, біліктілік, мақсаткерлік».
Қазақстан қаржы аясына талдау: «Бүгінгі таңда республиканың қаржы секторын реформалау бойынша негізгі жұмыс аяталған. Елдегі қаржы жүйесі ТМД-дағы ең үздіктерінің бірі. Қазақстан қаржы секторының ДСҰ-ға кіру шеңберіндегі одан ары дамуы қаржы қызметінің сапасын арттыруға, отанды қаржы нарығының ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан қазіргі даму қарқынын сақтаған кезде 50 дамыған елдердің қатарына кіре алады».
Сүйіп оқитын әдебиеті - классика (В. Набоков, Мұхтар Омарханұлы Әуезов)<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<References/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Қазақстан Үкіметі (ағымдағы)