Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова - (15.06.1965, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР мемлекеттік хатшысы (2014 жылдың 11 қарашасынан бастап).

Өмірбаяны

  • 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы. Э.ғ.к. (2005).
  • 1987-90 жылдары - Қызылорда облысы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы.
  • 1990-94 жылдары - Қызылорда облысы әлеуметтік қорғау басармасының бөлім бастығы.
  • 1994-95 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің кеңесшісі.
  • 1995-99 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
  • 1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары, департамент директоры.
  • 2003-05 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
  • 2005 жылдан - «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы» АҚ Басқарма төрайымы.
  • 2009 жылғы 4 наурыздан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
  • 2013 жылғы 28 қарашадан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары
  • 2014 жылғы 11 қарашадан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.

«Астана» (1999), «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазастан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. 15-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Заңдылық, әділдік, талапшылды».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Кәсіпойлық, біліктілік, мақсаткерлік».

Қазақстан қаржы аясына талдау: «Бүгінгі таңда республиканың қаржы секторын реформалау бойынша негізгі жұмыс аяталған. Елдегі қаржы жүйесі ТМД-дағы ең үздіктерінің бірі. Қазақстан қаржы секторының ДСҰ-ға кіру шеңберіндегі одан ары дамуы қаржы қызметінің сапасын арттыруға, отанды қаржы нарығының ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан қазіргі даму қарқынын сақтаған кезде 50 дамыған елдердің қатарына кіре алады».

Сүйіп оқитын әдебиеті - классика (В. Набоков, Мұхтар Омарханұлы Әуезов)<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Қазақстан Үкіметі (ағымдағы)