Шортанбай балық зауыты
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шортанбай Балық Зауыты – балық аулау және өңдеу кәсіпорны. 1910 ж. құрылған. Каспий теңізінің жағасында, Қиғаш пен Теплая өзендерінің қиылысындағы аралда (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылы) орналасқан. Балық ыстау-қақтау, тұздау, тоңазыту цехтары жұмыс істейді.