Сыдырымта

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:52, 2014 ж. мамырдың 12 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұрынғы кезде жер дауы, жесір дауы, құн дауы сияқты қазақ арасында әр түрлі дау-дамай, қақтығыстар болып тұрған. Осындай уақытта дауласушы екі жақ бір-бірінің малын қуып кетіп, яғни барымталап алып отырған. Ал кейбір кезде күші басым жақ алған малын қайтармай, біржола сіңіріп те кеткен. Мұны қазақ "білмесе-сыдырымта" деп аяғын сиырқұйымшақтандырып із-түзін білдірмей жіберген.


Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.