Артиллериялық газсыздандыру толымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Артиллериялық газсыздандыру толымыартиллериялық зеңбіректерді, тартқыштарды, реактивті артиллерияның ұрыс машиналарын, сондай-ақ жүк және арнайы автомобильдерді ішінара газсыздандыратын және дезинфекциялайтын техникалық құрал.

Артиллериялық газсыздандыру толымы әрбіреуінің сыйымдылығы 1 литр болатын 4 құты және 2 жаққыш орналасқан металл құндақтан тұрады. Қүтыларда № 2 газсыздандыратын ерітінді және № 1 газсыздандыратын ерітіндіні дайындауға қажетті зат пен ерітінді болады.

Артиллериялық газсыздандыру толымы сәйкес артиллериялық материалдық бөлімде болады және бөліммен бірге машиналармен, тарткыштармен тасымалданады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

Тағы қараңыз

Артиллерия

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub