Артиллериялық газсыздандыру толымы
Артиллериялық газсыздандыру толымы — артиллериялық зеңбіректерді, тартқыштарды, реактивті артиллерияның ұрыс машиналарын, сондай-ақ жүк және арнайы автомобильдерді ішінара газсыздандыратын және дезинфекциялайтын техникалық құрал.
Артиллериялық газсыздандыру толымы әрбіреуінің сыйымдылығы 1 литр болатын 4 құты және 2 жаққыш орналасқан металл құндақтан тұрады. Қүтыларда № 2 газсыздандыратын ерітінді және № 1 газсыздандыратын ерітіндіні дайындауға қажетті зат пен ерітінді болады.
Артиллериялық газсыздандыру толымы сәйкес артиллериялық материалдық бөлімде болады және бөліммен бірге машиналармен, тарткыштармен тасымалданады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>