Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева 1972 жылы 10 қарашада дүниеге келген.
Білімі
- 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген
- 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті
Еңбек өтілі
- Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған
- 1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері
- 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтіп, ФРАНЦ-3 мемлекеттік арнасында, музыкалық HIT MASHINE хабарының жүргізушісі
- 1997-2000 жылдары НТК телеарнасының қазақ тілді бағдарламалар бөлімінде бас редактордың орынбасары, «Женский тележурнал» бағдарламасының жүргізушісі
- 2000-2001 жылдары «Хабар» арнасындағы «Время Народного банка» бағдарламасының жүргізуші, редакторы
- 2002 жылы «Орт-Казахстан» телеарнасының деректі жобалар жетекшісі, «Наследие» бағдарламасының жүргізушісі
- 2002-2005 жылдары «Хабар» арнасында редактор, тележүргізуші, арнайы жобалардың жүргізушісі
- 2005 жылдан «Қазақстан» ҰТА-да еңбек етеді
- 2012 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» ҰТА-да «Таңғы бағдарламалар» бірлестігінің жетекшісі
Дереккөздер
<references/>