Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет


Үлгі:Тұлға

Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева 1972 жылы 10 қарашада дүниеге келген.

Білімі

  • 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген
  • 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті

Еңбек өтілі

  • Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған
  • 1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері
  • 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтіп, ФРАНЦ-3 мемлекеттік арнасында, музыкалық HIT MASHINE хабарының жүргізушісі
  • 1997-2000 жылдары НТК телеарнасының қазақ тілді бағдарламалар бөлімінде бас редактордың орынбасары, «Женский тележурнал» бағдарламасының жүргізушісі
  • 2000-2001 жылдары «Хабар» арнасындағы «Время Народного банка» бағдарламасының жүргізуші, редакторы
  • 2002 жылы «Орт-Казахстан» телеарнасының деректі жобалар жетекшісі, «Наследие» бағдарламасының жүргізушісі
  • 2002-2005 жылдары «Хабар» арнасында редактор, тележүргізуші, арнайы жобалардың жүргізушісі
  • 2005 жылдан «Қазақстан» ҰТА-да еңбек етеді
  • 2012 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» ҰТА-да «Таңғы бағдарламалар» бірлестігінің жетекшісі

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы