Каңвондо (Корея)
Үлгі:Корейше есім Үлгі:Бұл мақала
Канвондо́ (Үлгі:Lang-ko, [kaŋwʌn-do]) — Чосон әулеті кезіндегі сегіз провинцияның бірі. 1395 жылы құрылған. Атауы өзінің басты қалалары болып есептелетін Каннын (Үлгі:Lang-ko3) және Вонджу (Үлгі:Lang-ko2) деген атаулардың бірінші әріптерінен аталған.
1895 жылы Канвондо батысында Чхунчхон (Чхунчхон-бу; Үлгі:Lang-ko2) және шығысында Каннын (Каннын-бу; Үлгі:Lang-ko2) атты аудандармен алмастырылады. Ал Вонджу Чхунджу ауданының құрамына кіреді.
1896 жылы Корея он үш провинцияға бөлініп кетеді, сондақтан екі аудан қайтадан бірігіп, Канвондо провинциясын құрады. Алайда Вонджу провинцияға енгенмен, провинция астанасы — Чхунчхон болды.
Корея бөлінгеннен кейін, яғни 1945 жылы провиницияның Солтүстік Кореялық және Оңтүстік Кореялық бөліктерінде өз алды үкіметтер орнады, ал Корей соғысы аяқталғаннан кейін, яғни 1953 жылы Канвондо толығымен екі бөлікке — солтүстік корейлік Канвондоға және оңтүстік корейлік Канвондоға бөлінеді.