Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фьючерстік келісімшарт"
ш (-Санат:Қаржы; ±Санат:Экономика→Санат:Келісім-шарттар (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:24, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Фьючерстік келісімшарт — биржа активін мәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату (жеткізу) жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.— Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор, т.б. бір ізге түсіріледі. Фьючерстік келісімшарт биржадағы сауда тақырыбы болып табылады. Фьючерстік келісімшарт туынды қаржы құралдары тобына жатады. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер — валюта бағамы (валюталық фьючерс), жетекші компаниялар акцияларының бағамы (қор фьючерсі), пайыз нысанында табыс әкелетін активтер — депозиттер, облигациялар (пайыздық фьючерс), тауарлар (тауар фьючерсі), биржалық индекстер (индекстік фьючерс). Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>
Дереккөздер
<references/>