Облигация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Облигация (Үлгі:Lang-la – міндеттеме) – бағалы қағаз.

Иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейді.

Облигация қатаң түрде ерікті негізде таратылады және ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздар; кәсіпорындардың облигациялары түрлерінде шығарылады. Атаулы‚ ұсынушыға арналған‚ пайыздық‚ пайызсыз‚ еркін айналымды немесе шектеулі облигация болуы мүмкін.

Олар болашақта нақты тауар өндіру (қызметтер көрсету‚ жұмыстарды орындау) кепілдігімен пайызсыз мақсатты облигация түрінде де шығарылады. Мұндай облигация кәсіпорындар мен халықтың арасында таратылады‚ олардың иесі осы облигация кепілдікпен шығарылған тауарларды сатып алуға‚ қызметтерді пайдалануға басым құқық алады.

Анықтамасы

Облигация дегеніміз белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет, жергілікті билік органдары немесе компаниялар қаржы тарту мақсатында шығарады.

Шығу тарихы

Облигациялардың шығу тарихы және әлемге таралуы XVI-XVII ғасырлардан басталады. Бірінші облигациялар қарыз алушының (эминент) белгілі бір уақыт кезеңінде қарызын өтеуде, сондай-ақ ақшаны пайдаланғаны үшін қосымша сыйақы төлеуде қолданылатын. Облигациялар алғашында табысы төмен және бүкіл шарттары алдын ала белгіленген қаржы құралдың бір түрі болып саналатын.

Сурет:British Foreign Bill stamps on 1870 Oriental Bank Corporation Bill of Exchange.jpg
XIX ғасырда Ориентал Банк қолданған вексель түрі

Тарихи деректер бойынша, облигациялардың халықаралық қаржы сахнасында пайда болуы шіркеудің өсімқорлыққа қарсы күресімен байланысты. XVI ғасырдың ортасында Францияда шіркеу қудалауынан құтылу мақсатында кредиторлар ақшаны қарызға облигация жүзінде беріп, өз іс-әрекеттерін табыс ағынын сатып алу/сату деген атпен ақтаған. Ал XVI ғасырда Голландияда пайда болған облигациялар, өсімқорлықпен айналысатын адамдарға альтернатива ретінде қолданылған.  Облигация шығаратын бизнес иелерінің пайымдауынша, олар облигация йемденушілеріне «кредиттік пайызды» емес, «пайданың пайызын» төлейтін. Сонымен қатар, алғашында облигациялар, вексельге ұқсас рөл атқаратын болған. Шығарылған бір нысан облигацияларға бір ғана бланк толтырылатын. Бланкта облигацияның тұрақты құны, өтеу мерзімі және пайыздық пайдасы анық көрсетілетін. Бір қызығы, көптеген елдерде облигациялардың бланкілерінде мәтін француз тілінде жазылатын. Бұл дәстүр XX ғасырдың басында дейін сақталған.<ref>http://subscribe.ru/group/otkuda-myi-prishli/10469947/</ref>

Ерекшеліктері

Облигацияның йемденушіге әкелетін пайыздық пайдасы акцияға қарағанда төмен. Алайда, нарықтың өзгеруіне байланысты акцияның құнсызданып кету қаупі жоғары, ал облигация секілді құнды қағаздар мұндай өзгерістерге шыдамды болып келеді. Сонымен қатар, егер кенеттен компания банкротқа ұшыраса, онда облигация ұстаушылар бәрі-бірде өз ақшаларын және де қосымша пайыздық пайдаларын қайтарып ала алады, ал сол компанияның акция ұстаушылары компания қарыздарын төлемейінше, өз ақшаларын қайтара алмайды. Сондай-ақ акцияны сатып алған адам келесі жылы компанияның табысы қаншалықты болатындығын, дивиденттер көлемі қаншалықты өзгеретіндігін нақты айта алмайды. Ал, облигацияның табысы оның үстіндегі пайыздық мөлшерлемесі болғандықтан, алдын-ала жазылып қойылады. Мысалы: $1 долларлық немесе $1,000,000 долларлық облигацияның да пайыздары бірдей.<ref>http://7kun.kz/37472/</ref>

Облигациялар инвестициялар қоржынын (портфель) диверсификациялау үшін өте жақсы. Облигациялардың пайыздық пайдасы және құнсыздану қаупі өте төмен болғандықтан, ол инвестициялар қоржынының құнсыздану қаупін азайтады. Сондықтан, облигациялармен көбінесе акциялардың волатильділігін ұнатпайтын консервативті инвесторлар мен трейдерлер жұмыс істейді. <ref>http://halyk-ipo.kz/kz/manit-obligatsiya-ry-nok-obligatsij-mozhet-by-t-interesen-dlya-chastny-h-investorov.html</ref>

Облигациялар ұзақ мерзімді инвестицияларға бағытталған. Облигацияларды бір айға немесе бір жылға сатып алу тиімсіз. Тіпті бес жылдың өзі облигация үшін аз мерзім болып саналады. Мысалы: АҚШ үкіметінің облигациялары он жылдық мерзіммен шығарылады және облигация йемденушісіне шамамен 3,5% жылына пайда әкеледі. Мұндай төмен пайда үшін қысқа мерзімді инвестиция жасау тиімсіз.  <ref name=":0">http://berg.com.ua/basic/bond/</ref>

Түрлері

Облигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу тегіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Инвесторға әкелетін пайыздық пайдасына байланысты  облигация екі түрлі болады:

Тұрақты пайызды облигациялар – алдын ала қойылған мерзім ішінде пайыздық пайда өзгермейтін облигация түрі. Бұл жағдайда, инвестор табысы екі компоненттен тұруы мүмкін: біріншіден, облигациялар шығарушы компания жылдық пайыздық мөлшер көлемі бойынша жылына бір немесе екі рет төлемдер жасауға келіседі. Бұл табыс купон немесе купондық пайда деп аталады. Екіншіден, инвестордың табысы облигацияны сатып алған баға мен оның номиналды құны арасындағы айырымнан жиналуы мүмкін. Бұл баға айырымын дисконт деп, ал әкелетін табысты дисконтты деп атайды.

Өзгермелі пайызды облигациялар - пайыздық табыс түрлі макроэкономикалық факторларға байланысты өзгеретін облигация түрі. Әдетте, облигацияның бұл түрі инвесторлар мен компания-қарыз алушыларға нарықтық жағдайлар өзгерген кезде пайда болуы мүмкін қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер корпоративтік облигациялар мөлшерлемесі Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасына байланған болса, онда облигациялардың өзгермелі пайыздық табысы LIBOR бойынша есептеледі, яғни Лондонда орналасқан 16 бірінші дәрежелі банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесімен анықталады. <ref>http://www.banki.ru/wikibank/obligatsiya/</ref>

Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін:

Корпоративтік облигациялар – акционерлік қоғамдармен шығарылатын тәуекелі жоғары облигация түрі. Корпоративтік облигациялардың пайыздық табыс әкелу мөлшері эмитенттің облигациялар сенімділігіне байланысты 8-ден 18% -ға дейін өзгереді.  Нарықтықта табыстылығы мен тәуекелдіктің деңгейі әртүрлі  облигациялар кездеседі және солардың ішінен инвестор өзіне қалайтынын сатып ала алады. Мысалы, ірі компаниялардың облигацияларының купондық төлемдер өте төмен бірақ олардың сенімділігі жоғары болады. Ал жоғары пайыздық төлемдермен шығарылатын облигациялар әдетте кішігірім сенімсіз компаниялармен сатылады. Алайда нарыққа бағалы қағаздарын енді шығарып жатқан жаңа компаниялар да пайыздық табысты жоғары қылып қояды. <ref>http://www.ereport.ru/articles/finance/bonds.htm</ref>

Сурет:Облигации США.jpg
АҚШ Облигациялары

Муниципалдық және мемлекеттік облигациялар – тиісінше жергілікті билікпен және мемлекетпен шығарылатын тәуекелі төмен облигация түрі. Мемлекеттік облигациялар төмен пайыздық табысына байланысты инвесторлар арасында қатты қызығушылық тудырмайды. Мысалы,  Ресей мемлекеттік облигациялары шамамен жылына 8% пайыздық пайда әкеле алады. Орташа жылдық инфляцияның 8% екенін ескере отырсақ, облигация йемденушіге ешқандай пайда алып келмейді десе де болады.   <ref name=":0" />

Облигациялар қолданыс мерзімі тұрғысынан қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Мерзімнің ұзақтығы облигация шығаратын елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте, қысқа мерзімді облигациялар бір немесе екі жылға шығарған бағалы қағаздар болып табылады. Ал орта мерзімді және ұзақ мерзімді болса, бес жылдан жеті жылға дейін және тиісінше жеті жылдан астам болады.

Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында мерзімсіз облигациялар да кездеседі. Мысалы, II-дүниежүзілік соғыс кезінде, Ұлыбритания қазынашылық департаменті халықтан қарыз алу мақсатында мерзімсіз облигациялар (War Loan) шығарды. Жылдан жылға бұл облигациялар йемденушіге жылына 3,5% купондық табыс алып келеді. Қазіргі таңда осы облигациялар үлкен дисконтпен қор биржасында саудаланады және нарықтағы бағасы номиналды құнының шамамен 74-75% құрайды. Егер де Ұлыбритания үкіметі облигациямен белгіленген қарыздарын төлеймін десе, онда үкімет номиналды құнының 100% төлеуге тиіс еді. Осылайша, эмитент (Ұлыбритания үкіметі) үшін осы облигацияларды сатып алуға қарағанда купондық пайданы төлеу тиімдірек жағдай. Нәтижесінде, жақын арада Ұлыбритания үкіметі кезінде шығарған мерзімсіз облигацияларды қайтарып алмайтынын болжауға болады.

Қазақстандағы облигация нарығы

Қазақстан нарығында облигациялар кеңінен таралмаған. Құнды қағаздардың артықшылықтары  несиеге қарағанда көбірек болса да, банк мекемелері және қарапайым халықтың өзі көбінде несиені басты  қаржы құрал ретінде қарастырады.  Облигациялардың уақытында төленетініне, әрі қолдан-қолға қайта сатуға болатынына қарамастан қаржы мекемелерінің көбісі (ұлттық банктен басқа) облигациялармен сирек жұмыс істейді. Ал батыс елдері болса, облигациялардың артықшылықтарын жақсы пайдалана отырып, қарапайым адамдарға сатады. Дегенмен, Bloomberg ақпараттық жүйесін сүйенсек, халықаралық нарықта 540 қазақстандық облигациялар өнімін кездеседі: 97 өнім – валюталық (көбіне долларлық), 80 өнімге жуығы – инвестицияық класстағы облигациялар. Олар «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ, Сбербанк облигациялары, БРК, «Қазақстан Темір Жолы», «Самұрық-Қазына» Қазақстан иптекалық компаниясы, «Қазақстан инжиниринг» және тағы басқа ірі компаниялар.

Облигацияны йемдену үшін  акция тәрізді биржаға қатысып брокердің көмегімен сатып алу керек. Ереже бойынша, облигация нарығында белгілі бір қаражат лимиті бар.  Қазақстанда көбінесе акциямен жұмыс істейді, сондықтан облигациямен сауда жүргізу туралы ақпарат аз және сатып алу кеңінен таралмаған.

Бағалы қағаздар нарығының көрсеткіштері бойынша, Қазақстанның мемлекеттік облигацияларының долларлық табыстылығы 2020 жылға дейін өтеу мерзімімен орта есеппен 4%, теңге табыстылығы – 7%, 2025 жылға дейін өтеу мерзімімен долларлық – 5,5, теңгелік – 6,2 %.

Қосымша

Облигациядан табыс қатаң тіркелген пайыз түрінде немесе жыртылмалы купонға төлем төлеу жолымен де‚ оларды ойнатып‚ ұтыс төлеу жолымен де, өзгермелі (құбылмалы) мөлшерлеме бойынша пайыз түрінде де алынады.

Облигация бланкілерінің негізгі деректемелері:

  • имитенттің фирмалық атауы‚
  • олардың орналасқан мекен-жайы‚
  • бағалы қағаздың “облигация” деген атауы‚
  • оның рет нөмірі‚
  • шығарылған мерзімі‚
  • түрі (кепілзаттық‚ қамтамасыз етусіз‚ айырбасталымды)‚
  • шығарылымның жалпы сомасы‚
  • пайыздық мөлшерлемесі‚
  • пайыздарды төлеу,
  • өтеу шарттары мен тәртібі.

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң