Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәсердей"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Бес жүз бес сөз.—Алматы → Бес жүз бес сөз.— Алматы, Рауан, 1994. → Рауан, 1994 жы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Бұл сөз бірде — шаттану, масаттану, кейде — дандайсу, асқақтау мағыналарында айтылады. «Дәсерсіп шектен шықсаң, даңқтың өзі аяусыз жазалайды...» (С. Сейітов, Жаңғырық).

Қазақ тіліне араб, парсы тілінен ауысқан сөздер туралы жазған Н. Ондасынов, Е. Бекмұхаметов кітаптарында көрсетілген сөзді кездестіре алмадық. Солай бола тұрса да, «дәсердейдің» алғашқы шыққан төркіні араб тілі екендігін байқаймыз. Арабша: дасир — байлық, молшылық мағыналарын береді. Асқақтау, дандайсу байлықтың нәтижесінен туатынын сезінсек, сөз төркіні араб тілі екендігіне дау айту қиын. Араб тілінен ауысқан бұл сөзге қазақ тіліндегі сын есім жұрнағы қосылып, байға тән іс-қимыл көрсететін адамға қолданылатын болған. Демек, дәсир + дай дасир + дай => дәсердей тұлғасына дейін өзгеріп, «бай сияқты», «байдай» деген ұғымға иелік еткен.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}