Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Амнезия"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:АуруСанат:Аурулар)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

09:22, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Амнезия (юнанша Үлгі:Polytonicұмытшақтық, есінен айрылу) еске түсіру және есте сақтау қабілетінің жоғалуы нәтижесінде адам жадының нашарлауы немесе жойылуы. Амнезия үдемелі амнезия, бекімелі амнезия, ретроградтық амнезия және антероградтық амнезия болып бөлінеді.

  • Үдемелі амнезияға шалдыққан адам көргенін тез ұмытып қалады. Бірте-бірте алдында болған жағдайларды да ұмытып, зердесінен біржолата шығарады. Мұндай сырқат ессіз күй, терең ұйқыға кету (сопор), паталогиялық маскүнемдік салдарынан болады.
  • Бекімелі амнезияға ұшыраған адам жаңалықтарды сол бойда қабылдай алмайды. Бірақ бұрынғы және кейінгі зердесі сақталады. Ол, көбінесе, Корсаков психозы, иіс газымен улану, бастан жарақаттану салдарынан болады.
  • Ретрогадтық амнезия психикалық ауру кезінде пайда болады. Онда адам не істегенін ұмытып қалады.
  • Ал антеретроградтық амнезияға шалдыққан адам аурудан кейінгі жағдайды ұмытады.

Амнезияның соңғы екі түрі көбінесе қабаттаса жүреді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}