Ұмытшақтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Redirect Ұмытшақтық, ұмыту — меңгерілген материалдың еске түсуі және қайта жаңғыру мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын процесс. Ұмытшақтықты алғаш рет Г.Эббингауз зерттеп (1885 ж.), адам жадының уақытқа тәуелділігін тәжірибелік тұрғыда анықтады. Бұдан кейінгі зерттеулер ұмыту процесі есте сақталатын материалдың көлеміне, оның мән-мазмұны мен ұғынылу дәрежесіне байланысты жүргізілді. Қайсыбір материалды еске түсірудің мүмкін еместігі оның мүлдем ұмытылғандығын білдірмейді: материалдың нақты нысаны ұмытылады, бірақ оның субъект үшін мәнді мазмұны сапалық өзгерістерге ұшырап, субъектінің тәжірибесіне қосылады. интерференциялық теорияларға сәйкес, ұмыту практивтік және ретроактивтік интерференцияның ықпалымен жад ізінің өшірілуінің салдары болып табылады. Р.Аткинсон зерттеуі бойынша ұзақ мерзімдік жад мәңгі, ал ұмыту былайша болады: еске түсірудің кілті сынама (айтып жіберетін) ақпарат болып табылады, осының арқасында ұзақ мерзімдік жадтың қоймасында тиісті іздеу жинағының белсенділігі күшейеді: сынама ақпараттың лайықты таңдалмауы және одан кейінгі сәтсіз қайта жаңғырту (көлемі үлкен іздеу жинақтарын тудырады) да осал, өйткені ұмытудың барлық феномендерін түсіндірмейді. Қазіргі уақытта жадтың ұмыту феноменін түсіндіретін психологиялық теорияның жасалу келешегі дәстүрлі іздер доктринасымен байланысты емес, жад туралы осы сөздің өз мағынасындағы іс-әрекет ретіндегі түсінікпен байланысты.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}