Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дайрабай Нұрғожаұлы"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
11:21, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Дайрабай Нұрғожаұлы - (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы - 1893, Ақмола облысы Есіл өзені бойы) - күйші, домбырашы.
Дайрабай әкесінің інісі Нарқожадан сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда, сырнайда ойнауды үйренеді. Дайрабай Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай, сондай-ақ, Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды.
Ол -
- "Айымжан",
- "Көк қаршыға",
- "Құла жорға",
- "Ителгі",
- "Қара нар",
- "Кер бала",
- "Қайран ұстаз",
- "Кеттің, асыл Жиенбай",
- "Дайрабай",
- "Қожық",
- "Тілеубай шаһбаз"
-, т.б. көптеген күйлердің авторы.
Күйшінің "Дайрабай" күйі көптеген халық аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 ж. "Дайрабай" атты симфониялық поэма жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}