Дайрабай Нұрғожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дайрабай Нұрғожаұлы - (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы - 1893, Ақмола облысы Есіл өзені бойы) - күйші, домбырашы.


Дайрабай әкесінің інісі Нарқожадан сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда, сырнайда ойнауды үйренеді. Дайрабай Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай, сондай-ақ, Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды. Ол -

  • "Айымжан",
  • "Көк қаршыға",
  • "Құла жорға",
  • "Ителгі",
  • "Қара нар",
  • "Кер бала",
  • "Қайран ұстаз",
  • "Кеттің, асыл Жиенбай",
  • "Дайрабай",
  • "Қожық",
  • "Тілеубай шаһбаз"

-, т.б. көптеген күйлердің авторы.

Күйшінің "Дайрабай" күйі көптеген халық аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 ж. "Дайрабай" атты симфониялық поэма жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}