Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тектұрмас"
ш (clean up, replaced: Қазақ Энциклопедиясы, 8-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]]) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Тектұрмас – ерте орта ғасырдағы қала орны. Жамбыл облысы Талас ауданы Көшек батыр ауылының солтүстік-батысына қарай 5 км жерде орналасқан. Алғаш 1898 жылы В.А. Каллаур ашқан. 1949 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі Л.И. Ремпель), 1980 жылы осы экспедициясы (жетекшісі Қ. Байбосынов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Жобасы тікбұрышты келген қала жұртының ауданы 300*200 м2. Қалашықтың солтүстік шетінде орналасқан цитадельдің ауданы 70*70 м2, биіктігі 11 м. Айнала қорғаныс дуалмен қоршалып, сыртынан ор қазылған. Қаланың іші мен сыртында құрылыс қалдықтары байқалады. Қазба барысында табылған қыш ыдыстардың сынықтары мен қалашықтың жобасының сипаты оның 7 – 13 ғасырлар аралығында өмір сүргенін білдіреді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Сілтемелер
<references />
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:WikifyҮлгі:Stub