Тектұрмас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тектұрмас – ерте орта ғасырдағы қала орны. Жамбыл облысы Талас ауданы Көшек батыр ауылының солтүстік-батысына қарай 5 км жерде орналасқан. Алғаш 1898 жылы В.А. Каллаур ашқан. 1949 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі Л.И. Ремпель), 1980 жылы осы экспедициясы (жетекшісі Қ. Байбосынов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Жобасы тікбұрышты келген қала жұртының ауданы 300*200 м2. Қалашықтың солтүстік шетінде орналасқан цитадельдің ауданы 70*70 м2, биіктігі 11 м. Айнала қорғаныс дуалмен қоршалып, сыртынан ор қазылған. Қаланың іші мен сыртында құрылыс қалдықтары байқалады. Қазба барысында табылған қыш ыдыстардың сынықтары мен қалашықтың жобасының сипаты оның 7 – 13 ғасырлар аралығында өмір сүргенін білдіреді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тектұрмас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}