Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Баркарола"
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Музыка) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Баркарола (италянша barcarola, barca — қайық) — алғашында венециялық гондольерлер (гондола қайығын жүргізуші) әні, кейіннен кең тараған музыка жанры. Музыкалық өлшемі 6/8. Музыкалық сүйемелі лирикалық мелодия сазындағы вокалдық (романс) немесе аспаптық (фортепьянолық), күй ырғағы — минорлы болып келеді. 18 ғасырдан бастап Баркарола кәсіби музыка жанры қатарына қосылды. 19 ғасырда кейбір өзгерістерге ұшырады: күй ырғағы — мажорлы, музыкалық өлшемі 8/12, 3/4, т.б. Баркарола Дж.Паизиелло, Ф. Обер, Дж.Россини, Ж.Оффенбах және т.б. операларында қолданылды. Камералық-вокалдық музыка жанры бойынша Ф. Шуберттің (“Баркарола”, “Балықшының махаббат бақыты”), М.И. Глинканың (“Көгілдірлер ұйықтады”) шығармаларында кездеседі. Ф.Шопеннің, П.И.Чайковскийдің, С.В.Рахманиновтың фортепьяно үшін жазған Баркаролары бар. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>