Баркарола

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баркарола (италянша barcarola, barca — қайық) — алғашында венециялық гондольерлер (гондола қайығын жүргізуші) әні, кейіннен кең тараған музыка жанры. Музыкалық өлшемі 6/8. Музыкалық сүйемелі лирикалық мелодия сазындағы вокалдық (романс) немесе аспаптық (фортепьянолық), күй ырғағы — минорлы болып келеді. 18 ғасырдан бастап Баркарола кәсіби музыка жанры қатарына қосылды. 19 ғасырда кейбір өзгерістерге ұшырады: күй ырғағы — мажорлы, музыкалық өлшемі 8/12, 3/4, т.б. Баркарола Дж.Паизиелло, Ф. Обер, Дж.Россини, Ж.Оффенбах және т.б. операларында қолданылды. Камералық-вокалдық музыка жанры бойынша Ф. Шуберттің (“Баркарола”, “Балықшының махаббат бақыты”), М.И. Глинканың (“Көгілдірлер ұйықтады”) шығармаларында кездеседі. Ф.Шопеннің, П.И.Чайковскийдің, С.В.Рахманиновтың фортепьяно үшін жазған Баркаролары бар. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баркарола|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}