23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жылантіл (Ophіoglossum) –
жылантілдер тұқымдасына жататын көп жылдық
қырыққұлақ туысы. Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік аймақтарда кездесетін 45-ке жуық түрі белгілі.
Қазақстанда ылғалы мол батпақты шалғындарда, өзен-көл жағалауларында өсетін 1 түрі –
кәдімгі Жылантіл (О. vulgatum) бар. Биіктіңгі 5 – 20 см, тамыр сабағы қысқа, сабағы жер астынан шығады. Жапырағы 1 сирек 2, ұзынша, шанышқы сияқты бөлінген.
Спорангийлері екі қатарлы,
гаметофиттері көбінесе цилиндр тәрізді,
хлорофилсіз, жер астында болады. Жылантілдің гаметофиті мен тамырына эндотрофты микориза (
саңырауқұлақтар жіпшумағымен селбесіп, иесінің организмінде тіршілік етуі) тән.
Жылантілдің тамырында
вегетативті көбеюге қажетті бүршіктер жетіледі.
Шілде –
тамыз айларында споралары піседі.
Жылантілдер өте баяу өседі, қоңыржай аймақтарда өсетін түрлерінде 1 жылда 1 жапырағы өсіп шығады.
Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы"
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub