Жылантіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жылантіл (Ophіoglossum) – жылантілдер тұқымдасына жататын көп жылдық қырыққұлақ туысы. Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік аймақтарда кездесетін 45-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанда ылғалы мол батпақты шалғындарда, өзен-көл жағалауларында өсетін 1 түрі – кәдімгі Жылантіл (О. vulgatum) бар. Биіктіңгі 5 – 20 см, тамыр сабағы қысқа, сабағы жер астынан шығады. Жапырағы 1 сирек 2, ұзынша, шанышқы сияқты бөлінген. Спорангийлері екі қатарлы, гаметофиттері көбінесе цилиндр тәрізді, хлорофилсіз, жер астында болады. Жылантілдің гаметофиті мен тамырына эндотрофты микориза (саңырауқұлақтар жіпшумағымен селбесіп, иесінің организмінде тіршілік етуі) тән. Жылантілдің тамырында вегетативті көбеюге қажетті бүршіктер жетіледі. Шілдетамыз айларында споралары піседі. Жылантілдер өте баяу өседі, қоңыржай аймақтарда өсетін түрлерінде 1 жылда 1 жапырағы өсіп шығады.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жылантіл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}