Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Өзкент"
ш («Қызылорда облысы географиясы» деген санатты аластады; «[[Санат:Жаңақорған ауданы|Жаңақорған ауда...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Өзкент, Өгізкент – ортағасырлық қала.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақжол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Ортағасырлық араб деректерінде Сырдарияның сол жағалауындағы сауда орталықтарының бірі болған қала ретінде жазылған. Қалашықты алғаш 1900 жылы В.А. Каллаур, 1969 – 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедиция (жетекші К.Ақышев), 2004 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран археологияылық экспедиция (жетекші М.Елеуов) зерттеген. Қаланың жобасы көпбұрышты, мықты қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Сол қабырғалардың бойында 15 күзет мұнара орындары сақталған. Қалашықтың өлшемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 – 300 м. Қорғаныс қабырғасының сыртынан айналдыра қазылған ордың тереңдігі 2 м, ені 10 м шамасында. Қалаға кіретін қақпаның орны шығыс шетінде орналасқан, оның ені 8 – 10 м. Зерттеу барысында табылған заттар қаланың 8 – 12 ғасырларда өмір сүргендігін көрсетеді.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>