Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Артиллериялық барлау"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, ==Тағы қара== → ==Тағы қараңыз== using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Артиллериялық барлау — тактикалық ракетадан соққы беру және артиллерия атысын дайындап жүргізу мүддесінде қарсыластың объектілері (нысаналары) туралы мәлімет жинау.
Ол — тактикалық барлаудың кұрамды бөлігі.
Артиллериялық барлау міндеттері:
- қарсыластың ядролық шабуыл жасау құралдарының, оның артиллериясы, минааткыштары, танктері, танкіге қарсы құралдары, басқару пунктгері және тағы басқа объектілерінің координаттарын анықтау және табу;
- жоюға белгіленген объектілерді (нысаналарды) қайта барлау;
- жергілікті жер және метеожағдайлар туралы мәлімет жинау (анықтау);
- өз артиллериясынан ату және тактикалық ракетадан соққы беру нәтижелерін бақылау;
- атысты дәлдеу үшін мәлімет беру.
Артиллериялық барлау жүргізу үшін артиллериялық командалық бакылау желісі және бақылау пункттері, жылжымалы бақылау пункттері, дыбыстық және радиотехникалық барлау постары, радиолокациялық станция позициялары, сондай-ақ артиллериялық барлау топтары жіберіледі. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>