Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сафуан Шаймерденов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Құрмет белгісі орденінің иегерлері → [[Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерле...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сурет:Сафуан Шаймерденов.jpg
Сафуан Шаймерденов
Сафуан Шаймерденов(15 сәуір 1922 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді — 23 ақпан 2007 жыл, Петропавл) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).
Мазмұны
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).
- 1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы “Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер.
- 1950 — 52 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды.
- “Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55).
- “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56).
- Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63).
- “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60).
- Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.
Шығармашылығы
1976 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысты.
- Алғашқы көркем шығармасы — “Болашаққа жол” романы 1953 жылы жарық көрді. Романда Қазақ университетінің зиялы қауымы — профессорлары, оқытушылары және студенттерінің өмірі суреттеледі.
- “Инеш” (1958) романы.
- “Мінез” (1960)
- “Мезгіл” (1964)
- “Таныс көрші” (1965)
- “Қарғаш” (1967)
- “Жыл құсы” (1969)
- “Сыбызғы сазы” (1971)
- “Өмір нұры” (1972)
- “Селдің екпіні” (1977)
- “Мәжнүн тал” (1980)
- “Әдеби толқындар” (1985)
- “Ағалардың алақаны” (1987) әңгіме-повестер жинақтары.
- балаларға арналған “Жанар мен Данар” (1964)
- “Шалдуар”, тағы басқа кітаптар жазған.
Драмалық шығармалары
- “Дөкей келе жатыр” (1979)
- “Өкіл әке” (1982), тағы басқа пьесалары республикалық және облыстық драма театрларында қойылған. Бірқатар шығармалары орталығы және республикалық баспалардан орыс тіліне аударылып жарияланды.
Аудармалары
- Л.Н. Толстойдың “Альберт” (1965) повесі
- Р.Тагордың “Күйреу” (1958) романы
- “Алтын сағым” (1960)
- “Гәуірмаһан” (1964) повестерін қазақ тіліне аударған.
Марапаттары
- ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері (1988).
- Р.Тагор кітаптарының аудармасы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлық берілді (1982).
- “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том, 18 бөлім</ref>
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Bio-stub
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 15 сәуірде туғандар
- 1922 жылы туғандар
- Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар
- 23 ақпанда қайтыс болғандар
- 2007 жылы қайтыс болғандар
- Петропавлда қайтыс болғандар
- КСРО жазушылары
- Қазақстан жазушылары
- XX ғасыр жазушылары
- XXI ғасыр жазушылары
- XXI ғасыр драматургтері
- XX ғасыр драматургтері
- КСРО драматургтері
- Қазақстан драматургтері
- КСРО аудармашылары
- Қазақстан аудармашылары
- XX ғасыр аудармашылары
- XXI ғасыр аудармашылары
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Отан орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Петропавлдың құрметті азаматтары