Сафуан Шаймерденов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Сафуан Шаймерденов.jpg
Сафуан Шаймерденов

Сафуан Шаймерденов(15 сәуір 1922 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді23 ақпан 2007 жыл, Петропавл) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).

Өмірбаяны

  • ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).
  • 1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы “Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер.
  • 1950 — 52 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды.
  • “Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55).
  • “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56).
  • Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63).
  • “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60).
  • Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.

Шығармашылығы

1976 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысты.

  • Алғашқы көркем шығармасы — “Болашаққа жол” романы 1953 жылы жарық көрді. Романда Қазақ университетінің зиялы қауымы — профессорлары, оқытушылары және студенттерінің өмірі суреттеледі.
  • “Инеш” (1958) романы.
  • “Мінез” (1960)
  • “Мезгіл” (1964)
  • “Таныс көрші” (1965)
  • “Қарғаш” (1967)
  • “Жыл құсы” (1969)
  • “Өмір нұры” (1972)
  • “Селдің екпіні” (1977)
  • “Мәжнүн тал” (1980)
  • “Әдеби толқындар” (1985)
  • “Ағалардың алақаны” (1987) әңгіме-повестер жинақтары.
  • балаларға арналған “Жанар мен Данар” (1964)
  • “Шалдуар”, тағы басқа кітаптар жазған.

Драмалық шығармалары

  • “Дөкей келе жатыр” (1979)
  • “Өкіл әке” (1982), тағы басқа пьесалары республикалық және облыстық драма театрларында қойылған. Бірқатар шығармалары орталығы және республикалық баспалардан орыс тіліне аударылып жарияланды.

Аудармалары

  • Л.Н. Толстойдың “Альберт” (1965) повесі
  • Р.Тагордың “Күйреу” (1958) романы
  • “Алтын сағым” (1960)
  • “Гәуірмаһан” (1964) повестерін қазақ тіліне аударған.

Марапаттары

  • ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері (1988).
  • Р.Тагор кітаптарының аудармасы үшін Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлық берілді (1982).
  • Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том, 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub