Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Махмөд бин Әли ат-Тарази"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Махмөд бин Әли ат-Тарази (т.ж.б. — 1135) — Тараз қ-нда өмір сүрген ғұлама. Жасынан зеректігімен, білімпаздығымен көзге түскен. Құранды қирағаттап оқудың үздігі болған. Туған жері Таразда білім алып, шығармаларын араб тілінде жазған. М. бин Ә. ат-Т-дың бізге жеткен Әбу Садық Ахмет ибн Хасан аз-Занди әл-Бұхари жайлы кітабы да арабша жазылған. “Шайхылардың сөздігі” атты еңбекте (ас-Самани 1122 ж. жазған) Йақұт әл-Хамауи ар-Руми ол жайлы “мен оның қолынан иджаза (диплом) алып едім” дейді. Осыған қарап, М. бин Ә. ат-Т. үлкен бір ғылым ордасын басқарған деп топшылауға болады. Ә. Дербісәлі
<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
Сілтемелер
<references />