Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бүркеніш ішперде"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Бүркеніш ішперде (peri-tonaeum viscerale; грек, peritonaeum — ішперде; лат. vis- ceralis — ішкі) — құрсақ және жамбас қуысының алдыңғы бөлігіндегі ішкі мүшелерді сыртынан қаптайтын сірлі қабық. Бүркеніш ішперде екі қабаттан: сыртқы — мезотелийден (бірқабатты жалпақ эпителий) және ішкі — жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалы қабаттан тұрады. Бүркеніш ішперде құрсақ қуысына өзінен сірлі сұйық бөліп, ішкі мүшелердің бір-бірімен еш кедергісіз сырғанай қозғалысын қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс қызметін де атқарады. Бүркеніш ішпердеден құрсақ қуысындагы ішкі мүшелерді өзара байланыстырып тұратын сірлі қабық туындылары - шажырқайлар, үлкен және кіші шарбылар, байламдар, қатпарлар және үңгілер дамиды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>