Бүркеніш ішперде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркеніш ішперде (peri-tonaeum viscerale; грек, peritonaeum — ішперде; лат. vis- ceralis — ішкі) — құрсақ және жамбас қуысының алдыңғы бөлігіндегі ішкі мүшелерді сыртынан қаптайтын сірлі қабық. Бүркеніш ішперде екі қабаттан: сыртқы — мезотелийден (бірқабатты жалпақ эпителий) және ішкі — жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалы қабаттан тұрады. Бүркеніш ішперде құрсақ қуысына өзінен сірлі сұйық бөліп, ішкі мүшелердің бір-бірімен еш кедергісіз сырғанай қозғалысын қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс қызметін де атқарады. Бүркеніш ішпердеден құрсақ қуысындагы ішкі мүшелерді өзара байланыстырып тұратын сірлі қабық туындылары - шажырқайлар, үлкен және кіші шарбылар, байламдар, қатпарлар және үңгілер дамиды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүркеніш ішперде|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}