Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бластула"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (37.17.181.18 (т) өңдемелерінен ArystanbekBot соңғы нұсқасына қайтарды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Бластула (грек, blastos — ұрық, өскін) — бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған қуысты ұрық. Бластуланың құрылысы мен пішіні жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі болады. Бластуланың бластомерлерден (ұрық жасушаларынан) құралған қабырғасы - бластодерма (грек, blastos және derma - тері, қабық), ішіндегі қуысын — біріншілік дене қуысы немесе бластоцель (грек, blastos және koilos — қуыс, қуысты) дейді. Ұрықтың жоғарғы анимальды полюсінде орналасқан бластомерлер бластодерма төбесін, ал төменгі вегетативті полюсіндегі бластомерлер бластодерма түбін құрайды. Олардың арасындағы бластомерлерден қүралған аймақты жиекті аймақ деп атайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub